БІЛІМ БЕРУДЕ СИНЕРГЕТИКАЛЫҚ ТҰҒЫР НЕГІЗІНДЕ ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ ҒЫЛЫМИ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

Авторлар

  • Исабекова Айнаш Кабуловна І.Жансүгіров атындағы Жетісу университеті
  • Катенов Амангельды Камалович І.Жансүгіров атындағы Жетісу университеті

DOI:

https://doi.org/10.52269/22266070_2024_1_130

Кілт сөздер:

синергетикалық тұғыр, білім беру, өзін-өзі ұйымдастыру, педагогикалық жүйе

Аңдатпа

Мақалада педагогика ғылымындағы синергетикалық тұғыр принциптерінің рөлі көрсетілген,қолдану мүмкіндіктері талданады. Синергетика  немесе өзін-өзі дамыту теориясы педагогика үшін эвристикалық мәні бар тұлғаны дамытудың әмбебап үлгілерін іздеуге бағытталған күрделі жүйе ретінде көрсетілген. Синергетиканы өзін-өзі  ұйымдастыру теориясының ғылымында негізгі құндылықтары мен бағыттары қарастырылған. Педагогиканың синергетикалық концепциялары бойынша  синергетика білім беру жүйелерінің өзін-өзі ұйымдастыру мен өзін-өзі дамыту заңдары мен үлгілері негізінде білім беруде ұйымдастыруға тікелей қатынасы бар. Білімге синергетикалық идеяларды педагогикалық теория мен тәжірибеге енгізу туралы мәселе барған сайын маңызды болып келеді және бұл осы теорияның нақты мәселелерін зерттейтін көптеген зерттеушілер жүзеге асырып келеді. Сондай-ақ, мектеп мұғалімдерімен жаңа білім мен тәжірибе жинақтауға  қызығушылығы анықтау мақсатында негізделген өзіндік зерттеу нәтижелері ұсынылған.Алынған зерттеулер бойынша мұғалімдердің білім беру саласындағы жаңашылдыққа, инновацияға, ғылым саласына мән беретіндеріне қызығушылық танытты. Мақала педагогикалық қоғам үшін маңызды практикалық мәнге ие, өйткені ол мұғалімдердің біліктілігін арттыруға, білім беру жүйесін жоспарлау және ұйымдастыру негізгі мақсатқа тез және тиімді қол жеткізуге ықпал ететін ғылым саласы.

Автор өмірбаяндары

  • Исабекова Айнаш Кабуловна, І.Жансүгіров атындағы Жетісу университеті

    педагогика және психология жоғары мектебінің магистрі 

  • Катенов Амангельды Камалович, І.Жансүгіров атындағы Жетісу университеті

    тарих ғылымдарының кандидаты, профессор 

Қосымша файлдар

Жарияланды

2024-10-17

Журналдың саны

Бөлім

Педагогикалық ғылымдар