Изображение

Журнал туралы

"3i: intellect, idea, innovation - интеллект, идея, инновация" көпсалалы ғылыми журналының редакциялық саясаты

Журналдың мақсаты – ветеринария, ауылшаруашылығы, педагогика, тарих, филология және экономика ғылымдары салаларындағы түпнұсқалық әрі өзекті зерттеулерді жариялау арқылы ғылымның дамуына ықпал ету. Журнал халықаралық ғылыми ынтымақтастықты кеңейтуге және маңызды ғылыми нәтижелерді кең академиялық қауымдастыққа таратуға бағытталған.

Көпсалалы ғылыми журнал докторанттардың, магистранттардың және ғылыми дәреже ізденушілерінің ғылыми зерттеулерінің нәтижелерін жариялау және ілгерілету, сондай-ақ ғылыми нәтижелер мен зерттеу тәжірибесімен алмасу үшін құрылған, ғылыми ақпаратты таратудың, ғылымға жаңа зерттеушілерді тартудың аса маңызды функциясын орындайды, журналдардың мәселелік айдарлары теория мен практиканың өзекті мәселелері бойынша талқылауды бастайды.

Журналдың құрылтайшысы-университет, сондықтан басылым ұжымының алдында ғылыми қызметтің қоғамдық беделін арттыру, ғылым мен білім арасындағы байланысты нығайту міндеттері тұр.

Журнал басылымы ЖОО-ның ҚР және шет елдердің басқа жоғары оқу орындарымен және ғылыми мекемелерімен шығармашылық байланыстарын дамытуға жәрдемдеседі. Редакциялық алқаның құрамына Ресей Федерациясының, Беларусь Республикасының, Италияның, Түркияның және басқа да шет елдердің белгілі ғалымдары кіреді, бұл отандық ғалымдардың өзара іс-қимылының ақпараттық кеңістігін кеңейтуге мүмкіндік береді.

Басылымның тілі – қазақ, орыс, ағылшын.

Басылымның жиілігі-жылына төрт рет.

Журнал ISSN халықаралық сериялық басылымдарды тіркеу орталығында (ЮНЕСКО, Париж, Франция) тіркелген.

"3i: intellect, idea, innovation - интеллект, идея, инновация" журналы кең ғылыми жұртшылыққа, ЖОО оқытушыларына, магистранттарға, студенттерге, мәдениет және білім қайраткерлеріне арналған.

  • Журнал айдарлары:
  • Ветеринария ғылымдары
  • Ауыл шаруашылығы ғылымдары
  • Педагогикалық ғылымдары
  • Тарих ғылымдары
  • Филология ғылымдары
  • Экономика ғылымдары

Ағымдағы шығарылым

Нөмір 2 № 2 (2025): “3i: intellect, idea, innovation - интеллект, идея, инновация”
					Көрсету  Нөмір 2 № 2 (2025): “3i: intellect, idea, innovation - интеллект, идея, инновация”
Жарияланды: 2025-07-02

Барлық шығарылымдар

Педагогикалық ғылымдар

Барлық журнал басылымдарын көрсету